Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы 2019 жылғы 25 сәуірде Астана қаласында құрылды. Орталықты құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018 жылғы қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінде көтерілген бастаманы іске асыру мақсатында қабылдады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 226 қаулысы).

Орталық Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен оның институттарының қызметін ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық тұрғыдан қамтамасыз ететін халықаралық алаң болып табылады.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты – діни бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығы мен мемлекеттік органдардың қатысуымен ашық әрі сындарлы диалог орнату арқылы конфессияаралық және мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары

  • ұлттық және халықаралық деңгейде конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту;
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің, оның Хатшылығы мен Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық және мазмұндық тұрғыдан қамтамасыз ету; 
  • Қазақстандағы және шетелдегі діни бірлестіктермен, сондай-ақ олардың рухани көшбасшыларымен өзара байланыс орнату;
  • дін саласында ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
  • діни ахуалға мониторинг жүргізу және оны талдау;
  • дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша талдамалық есептер, баяндамалар мен ұсынымдар әзірлеу;
  • дінтану сараптамасын жүргізу;
  • халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер, сараптамалық кездесулер, семинарлар және өзге де диалог алаңдарын ұйымдастыру;
  • Қазақстанның конфессияаралық келісім саласындағы тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілету.

Орталықтың мақсаттары мен міндеттері:

  • өзара құрмет ахуалында барлық діндер арасында бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға ықпал ету;
  • отандық және шетелдік діни бірлестіктермен, сондай-ақ олардың рухани көшбасшыларымен тұрақты негізде өзара байланыс орнату;  
  • халықаралық құрылымдармен (ұйымдармен, орталықтармен және т.б.) әрекеттестік орнату, дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу;  
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің, Съезд Хатшылығының және Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған дін мәселелері жөніндегі халықаралық, республикалық және өңірлік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды, акциялар мен конкурстарды дайындауға қатысу және оларды өткізу;
  • әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен даму үрдістеріне талдау жүргізу;
  • шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған діни тақырыптағы материалдарға мониторинг жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу, оның ішінде діни экстремизмге және экстремизмнің өзге де көріністеріне қарсы әрекет мәселелері бойынша барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысына қатысу;
  • Қазақстанның конфессияаралық диалог саласындағы тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілету.

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы ISO 37001:2025 стандартының «Конфессияаралық және дінаралық диалог саласындағы қоғамдық қызмет; дінтану саласындағы зерттеулер мен сараптама» бағыты бойынша талаптарына сәйкес келеді.