Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Экономика, қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті

Негізгі мақсаты:

Орталықтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және шаруашылық қызметті тиімді ұйымдастыру.


Съездің бастамаларын іске асыру департаменті

Негізгі мақсаты:

Халықаралық диалогты дамыту және жаһандық деңгейде конфессияаралық келісімді ілгерілету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне дайындық барысын қамтамасыз ету және әдістемелік қолдау көрсету.


Сыртқы байланыстар департаменті

Негізгі мақсаты:

Халықаралық орталықтың ұлттық және халықаралық деңгейдегі сыртқы байланыстарын қамтамасыз ету және дамыту, мемлекеттік органдармен, дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, ғылыми және сараптамалық мекемелермен институционалдық әріптестікті нығайту, сондай-ақ Орталықтың халықаралық және ведомствоаралық байланыстарын үйлестіру.


Ақпараттық жұмыс департаменті

Негізгі мақсаты:

Орталықтың ұлттық және халықаралық деңгейдегі оң имиджін қалыптастыру, негізгі іс-шараларды ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу, қазақстандық конфессияаралық келісім моделін ілгерілету және дінаралық диалогты дамыту.


Дінтану зерттеулер департаменті

Негізгі мақсаты:

Қазақстан мен шет елдердегі діни үдерістерді ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы мемлекеттің дін саласындағы саясатын қолдау және зайырлы қағидаттарды нығайту.


Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті

Негізгі мақсаты:

Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде діни ахуалды жүйелі талдау және мониторинг жүргізу арқылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу.


Дінтану сараптамасы департаменті

Негізгі мақсаты:

Ақпарат және білім беру саласында экстремистік материалдар таралуының алдын алу және діни материалдарға заңнама тұрғысынан баға беру мақсатында дінтану сараптамасын жүргізу.


Әдістемелік жұмыс және жинақтау департаменті

Негізгі мақсаты:

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге және Орталықтың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған жинақталған талдамалық материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу.


Персонал басқармасы

Негізгі мақсаты:

Орталықтың тиімді кадр саясатын, еңбек заңнамасының сақталуын және кәсіби, тұрақты және ынталы командасын қалыптастыруды қамтамасыз ету.