Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Съездің бастамаларын іске асыру департаменті

Негізгі мақсаты:

Халықаралық диалогты дамыту және жаһандық деңгейде конфессияаралық келісімді ілгерілету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне дайындық барысын қамтамасыз ету және әдістемелік қолдау көрсету.

Қызмет бағыттары:

  • Съезд және оның институттарының тұжырымдамаларын, күн тәртібін, өткізілу форматтары мен регламенттерін әзірлеу;
  • Сараптамалық және анықтамалық материалдарды дайындау, оның ішінде өмірбаяндар, аннотацияланған күн тәртібі, меморандум құжаттары;
  • Халықаралық діни лидерлермен және беделді ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ИЫҰ және басқалар) өзара ықпалдастықты ұйымдастыру;
  • Съездің ресми сайтын және оның қызметтерін ақпараттық сүйемелдеуді қолдау;
  • Халықаралық іс-шаралар мен конференцияларды, оның ішінде Рухани келісім күніне арналған конференцияны өткізу;
  • Діни мерекелер күнтізбесі мен ресми құттықтау мәтіндерін әзірлеу;
  • Съезд мұрағатын қалыптастыру және хаттамалық құжаттамамен қамтамасыз ету.

Байланыс ақпараты: