Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Сыртқы байланыстар департаменті

Негізгі мақсаты:

Халықаралық орталықтың ұлттық және халықаралық деңгейдегі сыртқы байланыстарын қамтамасыз ету және дамыту, мемлекеттік органдармен, дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, ғылыми және сараптамалық мекемелермен институционалдық әріптестікті нығайту, сондай-ақ Орталықтың халықаралық және ведомствоаралық байланыстарын үйлестіру.

Қызмет бағыттары:

  • Мемлекеттік органдармен, дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен, діни бірлестіктермен және шетелдік әріптестермен байланыс орнату және оны дамыту;
  • Халықаралық әріптестік байланыстарды орнату және дамыту, сыртқы байланыстар мәселелері бойынша келісімдер, меморандумдар, шақыру хаттары және өзге де құжаттарды әзірлеу;
  • Ресми кездесулерді, сапарларды, келіссөздер мен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және хаттамалық сүйемелдеу;
  • Орталықтың халықаралық конференцияларға, форумдарға және басқа да іс-шараларға қатысуын үйлестіру;
  • Халықаралық ынтымақтастық пен дінаралық диалог мәселелері бойынша анықтамалық және талдамалық материалдар әзірлеу;
  • Әріптестер туралы дерекқорды жүргізу және әріптестік байланыстардың дамуына мониторинг жүргізу.

Байланыс ақпараты: