Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Вакансия

Лауазымы: Консультант

Бөлісу

Ұйым: «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ

 

Лауазымы: Консультант

 

Құрылымдық бөлімше: Съезд бастамаларын іске асыру департаменті

 

Функционалдық міндеттері:

– әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін және оның институттарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу
– Съездің және секциялық отырыстардың негізгі тақырыбын айқындауға қатысу
– Съездің қызмет жоспары мен бағдарламасын әзірлеу
– аннотацияланған күн тәртібін және мазмұндық материалдарды дайындау
– Съезге қатысушылардың құрамы және діни әрі халықаралық ұйымдардың өкілдігі бойынша ұсыныстар қалыптастыру
– қатысушылар бойынша ақпараттық-талдамалық және өмірбаяндық материалдарды әзірлеу
– рухани көшбасшыларға шақыру хаттарын дайындау
– конфессияаралық диалог мәселелері бойынша халықаралық конференциялар мен іс-шараларды ұйымдастыру
– Департаменттің іс жүргізуін ұйымдастыру және құжат айналымын бақылау
– Департамент қызметі бойынша тұрақты есептерді дайындау
– әлеуметтік желілерде кәсіби әдепті сақтай отырып ақпараттық материалдарды орналастыру
– басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау

Білімге қойылатын талаптар: Дизайн, жарнама, полиграфиялық өнім саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар Гуманитарлық, әлеуметтік, қоғамдық ғылымдар саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

 

Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай: / электрондық мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 57, 5-қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық мекенжайы: job@iciid.org

Толығырақ ақпарат үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

 

Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);

2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);

3)  жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):

6) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.