Дінтану сараптамасы департаменті
Негізгі мақсаты:
Ақпарат және білім беру саласында экстремистік материалдар таралуының алдын алу және діни материалдарға заңнама тұрғысынан баға беру мақсатында дінтану сараптамасын жүргізу.
Қызмет бағыттары:
- Діни әдебиетке, интернет-сайттарға, бағдарламаларға, діни сипаттағы заттарға, бұқаралық ақпарат құралдары мен өзге де материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу;
- Діни контенттің қолданыстағы заңнама мен этикалық нормаларға сәйкестігін бағалау;
- Сараптамалық қорытындылар, анықтамалар және талдамалық материалдардың дерекқорын қалыптастыру;
- Әкімшілік іс жүргізуге қатысу және мемлекеттік органдарға кеңес беру;
- Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Сарапшылардың біліктілігін арттыруға арналған курстар әзірлеу және өткізу;
- «Кибербақылау» жүйесі бойынша келіп түскен материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу.
Байланыс ақпараты:
- Директор: Бірәлі Эльмира Атиғоллақызы
- Электрондық пошта: elmira.biraly@iciid.org