Дінтану зерттеулер департаменті
Негізгі мақсаты:
Қазақстан мен шет елдердегі діни үдерістерді ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы мемлекеттің дін саласындағы саясатын қолдау және зайырлы қағидаттарды нығайту.
Қызмет бағыттары:
- Дін саласына қатысты теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
- Дін саясатына байланысты сараптамалық есептер, баяндамалар мен ұсыныстар әзірлеу;
- Съезд, Хатшылық және Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыруға және олардың мазмұнын қамтамасыз етуге қатысу;
- Радикалдану үдерістерін талдау және оның алдын алуға бағытталған әдістемелік тәсілдерді әзірлеу;
- Ғылыми мақалалар дайындау және форумдар, семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысу;
- Халықаралық және отандық ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнату;
- Орталықтың зерттеу, ағартушылық және диалогтық жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсету.
Байланыс ақпараты:
- Директор: Орынтай Аян Оразбайұлы
- Электрондық пошта: a.oryntay@iciid.org
- Тел: +7 7172 26-60-32