Есенова Дианна Бекхановна
Дианна Есенова – мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында 15 жылдан астам еңбек өтілі бар дінтанушы әрі сарапшы.
Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында ғылыми қызметкер болып бастаған. Дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне қатысты тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алуға бағытталған сараптамалық бастамаларды іске асыруға қатысқан.
Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, дінаралық диалог, экстремизм мен терроризм және басқа да өзекті мәселелер бойынша 20-дан астам әдістемелік құрал мен ұсынымның авторы.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.
Халықаралық ынтымақтастық, ақпараттық жұмыс, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бастамаларын іске асыру, сондай-ақ жиынтық-талдау бағытына жетекшілік етеді.